29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Халық банкі ҚКБ-мен бірігу туралы әңгімелерді кезекті рет жоққа шығарды

18 қараша 2016 Қаралым: 2 793 Қаржы
Kapital.kz
Фото: Kapital.kz

Алматы. 18 қараша. Ақпараттар орталығы. "Қазақстан Халық банкі" АҚ "Қазкоммерцбанк" АҚ-мен бірігу туралы әңгімелерді жоққа шығарды. Ол туралы мекеменің ресми сайтында PR-қызметі хабар таратты.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) БАҚ өкілдеріне "Қазкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі - ҚКБ) бірігуі мүмкін туралы алыпсатарлықты атайды. Қаржы институтының талдаушыларына жолданған сұраулар бойынша, Халық банк тарапынан ҚКБ-мен бірлесу туралы ұсынысты жасамағаны және ҚКБ тарапынан ұсыныс білдірілмегені анықталды", — делінген хабарда.

Банкте мәлімдегендей, жалғасатын алыпсатарлыққа жауап ретінде Банк қосымша түсініктеме береді.

"Шын мәнінде, 2016 жылы қазақстандық банк секторын одан әрі дамыту шеңберінде түрлі ұсыныстар мен ортақ пікірталастар қарастырылды, бұл, біздің ойымызша, келіссөздер жүргізілді деген сөз емес. Қандай да бір нақтылықтың жоқтығы, әр тараптың арасындағы келіссөздер бастамасына әкеледі", — делінген мәтінде.

"Халық Банкі осы тәрізді мәмілелерді, егер олар халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық әділ шарттармен өткізетін болса және егер мәміле Халық Банкі акционерлерін және де басқада мүдделілерді ескеретін болса қарастыра алады", — деді ҚХБ-нен.

Тағы оқыңыз