Көкшетаудан Ақтау және Атырау қалаларына ұшақтар қатынай бастады
Ақпан айынабастап Ақтау-Көкшетау-Ақтау және Атырау-Көкшетау-Атырау бағыттарында жаңа авиарейстер ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысың әкімдігі.
Екі бағыттада бір жақты авиабилеттердің бағасы 25 000 теңгеніқұрайды. Рейстерді 50 жолаушылар сиятын CRJ 200 әуе кемесінде «SCAT» Авиакомпаниясы» АҚ іске асырады. Жолаушыларға әрі қарай Ақтау мен Атырау аэропорттары арқылы Көкшетаудан Солтүстік Кавказ өңіріне, Ресейдің Оңтүстігіне, Түркия мен басқа жерлерге ұшуына мүмкіндік беру уақытымен тағайындалды.
Қазіргі кезде, Көкшетау қаласының халықаралық аэропортынан аталған бағыттардан басқа, 1 халықаралық рейсі Мәскеу – Көкшетау – Мәскеу авиарейсі және республиканың ішінде Алматы – Көкшетау – Алматы бағыттары бойынша 1 авиарейсі жасалады.