Крещен аяздарында Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Алматы. 18 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК болжамында.
Сонымен, ауа температурасы: батысында күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз; солтүстік-батыс күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз; солтүстігінде және орталығында түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығысында түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз; оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.


