26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Матаевтың ісі бойынша сот туралы құқық қорғау органдары мен ірі шетелдік БАҚ баяндайды

17 апреля 2016 Қаралым: 1 801

Алматы. 18 сәуір. Ақпараттар орталығы.Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша сот туралы құқық қорғау органдары мен ВВС, Ассошиайтед пресс сынды бірқатар ірі шетелдік БАҚ баяндайды.

«Сейтқазы мен Әсет Матаевтар өз ар-намыстарын халықаралық баспасөздің және құқық қорғау органдарының қатысуымен өтетін ашық сот отырысында қорғауға дайын. Бүгінде ВВС, радио Свобода, Немецкая волна, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сот отырысына қатысу туралы келісімдерін беріп үлгерді», - делінген дүйсенбідегі баспасөз конференциясында таратылған баспасөз ақпарында.

Бұдан басқа, сот отырыстарына Халықаралық журналистер федерациясы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД мен Балтық журналистік ұйымдарының конфедерациясы, орталықазиялық мемлекеттердің журналистер одағының өкілдері қатысады.

Осы ретте, «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бәпи атап өткендей, АҚШ конгрессінде Қазақстандағы сөз бостандығы, сонымен қатар С.Матаевтың ісі бойынша тыңдау өткізу жоспарлануда.

Оның айтуынша, бұл іске бірқатар өзгеде халықаралық ұйымдар қызығушылық танытуда, олар жағдайдың даму барысын жіті қадағылап отыр.

Е.Бәпидің мәліметі бойынша, С.Матаевтың ісі бойынша сот отырысы 20 мамырда басталуы керек.