Мемлекет басшысы Монако Князі II Альберді егіз балалы болуымен құттықтап, жеделхат жолдады
Елбасы Монако Князін қызы Габриэлла мен ұлы Жактың өмірге келуімен құттықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев ІІ Альберге және зайыбы Шарленге бақ-береке, ал нәрестелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақыт тіледі.