26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық қорларына 600 мың доллар қаражат аударды

18 марта 2015 Қаралым: 1 028

Елбасы «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдап, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, президент аталған қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтқан.

«Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу», – деді Н. Назарбаев.