Өзбекстан Қазақстанда ЖКО-да зардап шеккен азаматтарға көмектеседі
Алматы. 23 маусым. Ақпараттар орталығы. Өзбекстан Ақтөбе облысындағы трассада ЖКО-да зардап шеккен азаматтарға көмектеседі, деп хабарлады ӨзТАГ.
«Өзбекстанның Қпазақстандағы елшілігі мен консулддық басқармасы зардап шеккен азаматтардың кім екендігін анқтау бойынша және қажет көмектерді көрсетуде шаралар қабылдауда», - деп көрсетілген Өзбекстан СІМ таратқан хабарда.
Еске салсақ, 22 маусымда 10.20 сағатта Ақтөбе облысы Айтекеби ауданында Самара-Шымкент автожолында жолаушылар тасымалдайтын екіқабатты Mercedes автобусы төңкерілді. Автобуста 52 жолаушы болған, олардың 50 жолаушысы Өзбекстан азаматтары да 2-кеуі ҚР азаматтары. Автобус Волгоград РФ – Шымкент бағытымен келе жатқан. Автобус аударылуының нәтижесінде Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаларға жеткізілді. Олардың 17-сі Өзбестан азаматтары да 1-еуі Қазақстан азаматы.
Кейін апатты тексеруге ҚР ІІМ арнайы тобы жіберілді.
Дереккөз: УзТАГ


