26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Пасха қарсаңында Қазақстанның Құс өсірушілер одағы Астанада жұмыртқа жәрмеңкесін өткізеді

9 сәуір 2015 Қаралым: 1 775

Православиелік мереке қарсаңында Астанада 9-11 сәуір аралығында «Шапағат» базарының аумағында оннан астам отандық құс фабрикасы елорда тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен құс өнімін ұсынады, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

ҰКП мәліметінше, «қазіргі кезде еліміздегі жұмыртқа өндірісі оларға деген қажеттілікті жүз пайызға жабады. Шаруа қожалықтары мен жеке меншік аулаларды есептемегенде, Қазақстанда 35 құс фабрикасы әрекет етеді. 2014 жылы жұмыртқа өндіру 4,2 млрд. жұмыртқаны құраған. Қазақстанның Құс өсірушілер одағының болжамына сүйенсек, 2015 жылы тауық жұмыртқасын өндіру 5 млрд. данаға жетеді».