Президент Назарбаев ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды
Алматы. 5 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңес барысында ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінде аталмыш функция басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.
Президент бұл ведомствоның мойнына мына міндеттер жүктелсе, дұрыс болады деген ұсынысын айтты: қоғамдағы өзекті мәселелерді тез анықтап, тез шара қолдану үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген формадағы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу; өзекті тақырыптар мен мәселелер жөніндегі қоғамдық пікірлерді зерттеу, халықтың пікірі мен ақпараттық сұрауларға сараптама жасап, болжам жүргізу; мемлекеттік ақпараттық саясатты қолға алу.
Сондай-ақ, министрлік міндетіне барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметі мен белсенділігін бақылау және үйлестіру; мемлекеттік ақпараттық тапсырыс пен мемлекет бөлген қаржының тиімділігін тексеру және жоспарлау да кіреді.
Оған қоса ол отандық БАҚ-ты экономиканың бір сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция мен инновация тартумен де айналысады.
Бұдан басқа жаңа мемлекеттік мекеме электронды және баспа БАҚ-тарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапасын жақсарту: арналардың халықпен қарым-қатынасын жақсартумен де айналысатын болады.
Бұл ретте жаңа органды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қаражат бөлу және оған барлық міндетті жүзеге асыру үшін айрықша өкілеттік беру тапсырылды.