Президент Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады
Алматы. 5 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайтынан.
"Елбасы Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады", - делінген ҚР премьер-министрінің сайтында жарияланған хабарда.
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес басталғанын мәлім еткен болатын.
"Жаңа ғана Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес басталды. Шара барысында ағымдағы күн тәртібіндегі барынша өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Кеңеске парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда", - деп хабарлады Д.Абаев Facebook-тегі Ақорданың ресми бетінде.