Қала әкімі Алматыдағы ПИК-тер қоғамдық бақылауға қайтарылады деп уәде берді
Астана. 22 сәуір. Акпараттар орталығы. Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы ПИК-тер қоғамдық бақылауға қайтарылады деп уәде берді.
«Олар проблемалар тудыруда, ал барлық сынды әкімдік естиді. Бұлай жалғаса бермейді, біз ПИК-терді қоғамдық бақылауға қайтарамыз, тіпті құқық қорғау құрылымдарына қарасты учаскелерді де», - деді Б.Байбек жұмадағы брифингте.
Осы ретте ол атап өткендей, Алматыда тұрғындардан жиналатын қаражаттың 90%-ын ПИК-тер өздеріне жаратады.
«ПИК-тер жинайтын 7 млрд теңгенің 90% өздерін күтуге жаратса, тек 10% халықтың қажеттілігіне жұмсалады. Заң бойынша олар 70% жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсетуге жаратуы тиіс», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, 2015 жылы ПИК-терге қатысты 17 қылмыстық іс тіркелген.
«2015 жылы ПИК-терге қатысты 17 қылмыстық іс тіркелген, 129 әкімшілік айыппұл салынған. 2016 жылдың 1 тоқсанында 3 қылмыстық іс, 36 әкімшілік айыппұл тіркелген. Демек, ПИК-тер көбіне қаражатты мақсатсыз жұмсамайды, өзгенін мүлкін иеленіп алады. Тіпті, тұрғындар ПИК-ке шағым түсірсе, ал ПИК сотқа барып 300 мыңға теңгеге қорғаушы жалдайды, яғни тұрғындардың өз қаражатына жалдайды, осылайша қаражаттың мақсатсыз жұмсалу фактілері тіркелуде», - деп атап өтті Б.Байбек.