26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қарағанды облысы көктемгі су тасқынына даиындалуда

18 ақпан 2016 Қаралым: 1 449

Алматы. 18 ақпан. Ақпараттар орталығы. ҚР ішкі істер министірің орынбасары Владимир Божко Қарағанды облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөнінегі комитеттің баспасөз қызметінен.  

Сонымен, Қарағанды облысы ТЖ комитетінің ақпарынша, су тасқыны кезеңінен апатсыз өту мақсатында облыс бойынша 1,9 шақырым бөгет орнатылып, 74,917 шақырым бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Сонымен қатар көлдердің 6,5 шақырым арнасына жағалауды нығайту және тереңдету жұмыстары, су тасқыны қаупі төніп тұрған көлдердің 0,5 шақырым арнасын түзу және кеңейту, каналдардың 25,767 шақырымын тазарту, 5 шақырым арық пен 5 шақырым каналды, 229 бірлік су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілді.  

Оған қоса, облыстың елді мекендерінде қар шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 765 мың  м3 қар шығарылған.

Хабарда айтылғандай, ТЖ жөніндегі Департамент бөлімшесінің жеке құрамы жергілікті атқарушы органмен бірге тұрғындармен рейдтер және жиналыстар өткізуде. Аталмыш шара барысында су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керегі туралы жадынамалар таратылып, халықты хабардар ету жүйелерінің, техника мен аудандық билік органдары мен басқармалардың іс-қимыл жоспарларының жарамдылығы тексерілуде.