Қарағанды облысында қуаты 4,5 баллдық жер сілкінісі болды
Алматы. 3 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қарағанды облысында қуаты 4,5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінен.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2017 жылғы 3 сәуірде Астана уақытымен 07.22 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 456 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды», - делінген жарияланған хабарда.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.3. Магнитудасы – 4,5, Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.


