Қарағанды облысының бірқатар елді мекендерді үйлер мен көшелерді су басты
2015 жылғы 24 наурызда Қарағанды облысы Қарқаралы мен Қаражал қалаларының, Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұхар-Жырау және Шет аудандарының бірқатар елді мекендерінде еріген судың келуі салдарынан тұрғын үйлер мен көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Республикалық дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істейді.
Төтенше жағдайды жоюға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 46 адам мен 13 бірлік техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Қарағанды облысының жоғарыда аталған аудандарындағы елді мекендерде еріген суды ағызып жіберу бойынша іс-шаралар өткізілген.