29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қарағандыда қатерлі ісікті емдейтін дәрі шығарылады

13 сәуір 2017 Қаралым: 3 631 Экономика,  Медицина,  Қоғам
alborsanews.com
Фото: alborsanews.com

Алматы. 13 сәуір. Ақпараттар орталығы.  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС барды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Бұл кәсіпорын жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктер, гемофилия сияқты күрделі ауруларды емдеу үшін инъекциялық биотехнологиялық құрылғылар өндіруге бағытталған.

Биылғы жылы кәсіпорыннан қатерлі ісік пен қан ұюды емдеуге арналған екі түрлі дәрі өндіріледі деп күтілуде,  қазіргі кезде дәрілер тіркелу үстінде. Дәрілер шектеулі технология трансферті бойынша белгілі әлемдік фармакологиялық брендтер аймағында өндіріледі..

Бұл – әзірге Республикамызда күрделі технологиялық жоспар бойынша биотехнологиялық дәрі-дәрмек өндіретін алғашқы кәсіпорын. Кәсіпорын директоры Сергей Баронның айтуынша, сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін, өз елімізде өндірілген дәрілердің бағасы біздің науқастарға қолжетімді бағамен берілмек.

Министр өндірістік үрдіспен жеке танысып, халықты бағасы қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды екендігін атап айтты. Сондай-ақ ол өз кезегінде тұтынушға қажетті дәрі-дәрмекті тез арада өндіруге қатысты сұрақтарды шешу үшін, көмектесуге уәде берді. Ол аталған кәсіпорын тиімді, әсері жоғары, күшті дәрілік заттар өндіруге баса назар аударады деген сенімімен бөлісті..

Тағы оқыңыз