«ҚазАгро» жылыжай құрылысын 46,5 млрд. теңгеге қаржыландырады
Алматы. 17 қазан. Ақпараттар орталығы. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі жылыжай құрылысын 46,5 млрд. теңгеге қаржыландырады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Хабарға сәйкес, жалпы, қазіргі уақытта Холдингпен жабық топырақта 41 жоба қаржыландыруға мақұлданды, құны 46,5 млрд. теңге және жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Олардың жалпы алаңы 147 га құрайды.
Сонымен қатар, Холдинг одан басқа келесі бағыттардағы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады, олар: суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, бау-бақшалар құру және дамыту (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды), көкөніс қоймасының құрылысы және жаңарту (16,7 млрд. теңгенің 44 жобасы мақұлданды).
Қаржыландырылған объектілер жобалық қуатқа шығу кезінде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуі жоспарланады.


