26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазАгроҚаржы» алаяқтардан сақ болуға шақырады

3 апреля 2015 Қаралым: 1 494

Соңғы уақытта өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері деп таныстырып, қарыз алу үшін құжаттарды ресімдеуге көмектерін ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері тіркелгендігін назарларыңызға жеткіземіз, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ құжаттарды жинау, қабылдау және өңдеу жұмыстарын тек облыс орталықтарындағы және Қазақстанның ірі қалаларындағы өзінің ресми өкілдіктерінде – «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарында, сондай-ақ Астана қаласындағы Орталық аппаратында ғана жүргізетінін ресми түрде мәлімдейді. Сіздерден қырағылық көрсетіп, алаяқтардың жетегінде кетпей, сақ болғандарыңызды сұраймыз», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша мекеменің республика бойынша филиалдарына баруды, және компанияның www.kaf.kz. ресми сайтында көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау соғу сұралынады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы құрылған. Мекеменің басты мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау жасау.