26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан 10 жылда 2 млрд долл ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады

29 апреля 2016 Қаралым: 2 587
Қазақстан 10 жылда 2 млрд долл ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады

Алматы. 29 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстан соңғы 10 жылда 2 млрд долл ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады, деп мәлімдедіҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Сенатындағы парламенттік тыңдауда.

«Бүгінде агроөндірістік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыда тартымды сала болып табылады. Осы ретте отандық агроөндірістік кешеннің қалыптасуы барысында ЕАЭО елдері сенімді серіктес болды. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 41%-ға артты», - деді министр.

Ол атап өткендей, «аталған уақытта ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты мен оны қайта өңдеу 59%-ға артып, 2 млрд доллардан асып жығылды, оның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі 379 млн долларды құрады».