Қазақстан 2014-2015 жылдары болжам бойынша 7 млн. тоннаға жуық астық экспорттайды
Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ұкімет басшысының баспасөз қызметі.
«2014-2015 жылдарға Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр», — деді С. Омаров.
Бүгінде 4,7 млн. жуық тонна жөнелтілген. Оның ішінде Орта Азия елдеріне, Әзірбайжанға, Ауғанстанға, Иранға 2,1 млн. тонна астық, Ресейге — 119 мың тонна астық, Қытайға — 55 мың тонна, ЕО елдеріне — 61 мың тонна, Таяу Шығыс елдеріне — 17,9 мың тонна астық жіберілген. Иранға дейін темір жол салынғаннан кейін бұл елге астық экспортінің көлемі 2 есеге артылмақ.
Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, Орта Азия елдерімен мен Ауғанстанға 1,1 млн тонна ұн экспортталған.