Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 21-ші орында
Алматы. 11 қазан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 21-ші орында, делінген алтын бойынша Дүниежүзілік кеңестің (World Gold Council) аса ірі 100 қор иелерінің қазан айындағы рейтингінде, деп хабарлады ҚазТАГ.
Ұсынылған мәліметтер бойынша, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ең үлкен алтын қоры бар және бұрынғы КСРО елдерінің ішінде екінші орындағы (Ресейден кейінгі) мемлекет болып табылады.
Мысалы, Беларусь әлемдік тізімдегі 48-ші орында және оның алтын қоры 40,5 тонна (елдің алтынвалюталық қорының жалпы көлемінің 37,2% -ын құрайды), Әзербайжан 30,2 тоннамен сәйкесінше 55-ші орында(18,1%), Украина – 57-ші орында, 25,2 тонна (7,5%), Тәжікстан – 67-ші 12,3 тонна (79,7%), Латвия - 78- ші 6,6 тоннамен (8,5%), Литва - 81- ші 5,8 тоннамен (16,7%), Қыргызстан - 83- ші орында, 4,4 тоннамен (9,2%).
Бірінші ондықты сәйкесінше келесідей мемлекеттер алып отыр: США - 8133 тонна (елдің алтынвалюталық қорының 75,8%), Германия - 3378 тонна (69,6%), Халықаралық валюта қоры - 2814 тонна, Италия - 2451 тонна (69,2%), Франция - 2435 тонн (66,6%), Китай - 1833 тонны (2,4%), Ресей - 1526 тонна (16,3%), Швейцария - 1040 тонна (6,4%), Жапония - 765 тонна (2,6%) және Нидерланды - 612 тонна (64,1%).


