26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия т/ж тасымалдаушылары үшін бәсекелі тарифтік жағдай жасалады

24 тамыз 2016 Қаралым: 2 205 Әлемде,  Көлік
Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия т/ж тасымалдаушылары үшін бәсекелі тарифтік жағдай жасалады

Алматы. 24 тамыз. Ақпараттар орталығы.  Астанада Қазақстанның, Әзірбайжан мен Грузия темір жол әкімшіліктерінің басшылары Қазақстанның жүк жөнелтушілерімен, ірі операторлармен және жүк компанияларымен кездесті. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.  

Кездесуде, атап айтсақ, үш ел аумағы бойынша метал өнімдеріне, астық, мұнай, газ жүктерін, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауларға тарифтік жарнаны төмендету туралы мәселе қозғалды. 

"Біз экспорттық және импорттық тауарларды тасымалдауға жақсы жағдай ұсынуға дайынбыз. Мәселен, ағымдағы жылдың аяғында біз Грузия темір жолдары арқылы Түркияға тікелей жол ашамыз. Осылайша, сіздерде Түркияның, Солтүстік Африка мен Арап елдерінің оңтүстік порттарына жол ашылады", — деді Әзірбайжанның темір жол басшысының орынбасары  Игбал Гусейнов.

"Солтүстік" әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясының өкілі Әнуар Хамитов Қазақстанның Парсы шығанағы елдеріне астық экспорттауды жоспарлап отырғанын айтты.   

"Қазір келіссөздер жүргізілуде, Әзірбайжан және Грузия темір жолдарының өкілдерімен жарна мәселесі келісілуде, жүк тарифтері туралы сөйлесудеміз. Нәтиже бар. Бізге жеңілдіктер беріп жатыр», — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша аталып өткендей, Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның отандық жүк тасымалдаушылары мен теміржолшылары арасында орнатылған тікелей байланыс тасымалды қамту барысында туындайтын мәселелерді тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.   

Тағы оқыңыз