26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан бейбітшілік сүйгіш елдер рейтингінде 3 позицияға көтерілді

2 маусым 2017 Қаралым: 2 488 Әлемде
Қазақстан бейбітшілік сүйгіш елдер рейтингінде 3 позицияға көтерілді

Алматы. 2 маусым. Ақпараттар орталығы. Экономика және әлем институты құрастырған рейтингіде Қазақстан бейбітшілік сүйгіш елдер арасында 3 позицияға көтерілді, деп хабарлады ҚазТАГ.

2017 жылы Қазақстан былтырмен салыстырғанда үш жолға көтеріліп, рейтингте 163-тің 72-ші орнына көтерілді. Көршілес елдер ішінен Өзбекстан мен Қырғызстан жақсы көрсеткіштер көрсетіп, сегіз және он екі жолға көтеріліп, сәйкесінше 101 және 111 орынға тұрақтады. Сондай-ақ, 94-орынға көтерілген Грузия да (+2) көрсеткішін жақсартты, Беларусь – 103-орын (+4), Тәжікстан – 118-орын (+4). Ал Армения мен Түркіменстан сәйкесінше, 2 және 13 позицияға төмендеп, рейтингте 112 және 119 орынға тұрақтады.

Латвия, Эстония және Литва, сәйкесінше, 32-ші, 36-шы және 37-ші орындарда

Ресей мен Украина индекс көрсеткіштері «өте төмен» елдер қатарында, сәйкесінше, 151-ші және 154-ші орындарда.

Рейтингіні Исландия, Жаңа Зеландия және Португалия бастап тұр. Рейтингінің соңында бұрынғысынша Ирак, Ауғанстан мен Сирия тұр.

Қытай 116-орынға көтерілсе, АҚШ 11 позиция төмендеп, 114-ші орынға шықты.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз