26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан ДСҰ кіргенде ауыл шаруашылығына субсидияны ұлғайту қажет

14 қаңтар 2015 Қаралым: 990

Бұл туралы Астанада болған брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеме жасады.

«Кез-келген интеграцияға кіру – бұл қашан да сынақ, бәсекенің өсуі. Яғни енді біз көптеген Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) нормалары бойынша кедергі орната алмаймыз, себебі импорт үшін баж төмендейтін болады, және де бұған дайын болу қажет», — деді Абылай Мырзахметов.

Оның айтуынша, әсіресе ауыл шаруашылығын субсидиялау керек, онда біз ДСҰ-дағы сол себеттің айтарлықтай төмен деңгейінде жатырмыз, яғни субсидияларды өсіруге арналған үлкен алаң бар.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, ауылдағы субсидия деңгейі бойынша әзірше Қазақстан тіпті өзінің басты одақтастары Белорусь пен Ресейден де артта қалып қойған.