Қазақстан экспорттық баж салығының көлемін төмендетеді
ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың хабарлауынша, Қазақстанда мұнайдың экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі.
«Экспорттық баж салығы бюджет түзетілімімен бірге төмендетілетін болады. Біздің есептеулерімізге сәйкес, экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі», — деді Е.Досаев.
Оның айтуынша, аталған тариф парламент «Республикалық бюджет туралы» заң жобасын бекіткен соң енгізіледі. Сұрак осы айдың аяғына дейін шешілуі тиіс.
Бұған дейін шикі мұнайға экспорттық баж салығы Қазақстанда 2014 жылдың наурыз айында өзгертілген болатын. Ол кезде экспорттық баж салығы бір тонна шикі мұнайға 60 доллардан 80 долларға дейін арттырған болатын.