Қазақстан мен Израиль ортақ қор құрады
Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстан мен Израиль ортақ қор құруға келісті, деп хабарлады ҚР ауыл
шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
Бұл туралы вице-премьер А.Мырзахметовтің Израильдің ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі
саналатын «LR GROUP» компания басшыларымен кездесуінде белгілі болды. «LR GROUP» компаниясы
Қазақстанда бірлескен қор құруға ұсыныспен келіп отыр. Бұл қор қаржылық ұйым
ғана емес, жобаларды нақты жүзеге асыратын, шетелден инвестиция тартатын, жаңа
технологиялар ендіріп экспортпен айналысатын ірі орталық болмақ", - делінген хабарда.
Кездесу барысында Вице-Премьер А.Мырзахметов
жобаның екі тарапқа да тиімді екенін атап өтіп, «КазАгро» Ұлттық холдингімен
бірлесіп алғашқы кезеңін бастауға тапсырма берді.Енді екі жақтағы жұмысшы тобы
жобаға қажетті қаражатты есептеп, келісім шарттар түзбек.
АШМ еске салғандай, А.Мырзахметов өткен аптада
ғана Израильге жұмыс сапарымен барып бірнеше келісімдерге қол жеткізген
болатын. Сапар барысында Израильдің 60-қа жуық бизнес өкілдерімен кездесулер
өткізген.
"Араға апта салмай Израиль тарапынан ірі компанияның
келіп, инвестиция салуға ниет білдіруі екі жақты келісімнің нақты жемісі болып
отыр", - деп санайды
ведомствода.
«LR GROUP» компаниясының Израиль мемлекетінде 100
және әлем бойынша 3000-ға жуық қызметкерлері еншілес компаниялар жүйесі арқылы
жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания көкөніс, май өндіру, тауық және
күркетауық еттері мен жұмыртқаларын өндіру және жылыжай кешенін дамытумен
айналысады.
Дереккөз: МСХ РК


