Қазақстан мен Қытай тауарларды сертификаттау туралы келісті
Алматы. 27 мамыр. Ақпаратар орталығы. Қазақстандық компаниялар Қытай нарығына тамақ, химия, машина құрылысы өнімдерін көбейтуге дайын, деп санайды ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.
ҚР инвестиция және даму министрігі (ИДМ) баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда Қытай Халық республикасына өнім экспортын арттыру үшін халықаралық стандарттарды қолдану тәжірибесі, сәйкестік бағасы бойынша жұмыстар нәтижесін мойындау барынша өзекті мәселе болып табылады. Бұл туралы бүгін ҚХР сапа, инспекция және карантинді бақылау бас басқармасының төрағасы Чжи Шупинмен кездесуде Ә. Исекешев айтып берді.
Қазақстандық бизнес Қытайдағы қолданыстағы сертификаттау жүйесіне сәйкес келу керек. Ол өнім экспертизасы, таңбалануы, қапталуы және т.б. бойынша талаптарды қамтиды.
Мәселен, балды экспорттағанда оған қосымша сараптама жүргізіп, кейбір антибиотиктердің бар-жоғын, өңезденбегенін және т.б. тексеріледі.
Тараптар сәйкес келу бағасы туралы құжаттарды өзара мойындау механизмі мәселесін әзірлеу туралы келісті, ҚХР салалық және өңірлік талаптарға қол жетімділік мәселесін қарастырды.
«Кеңес қорытындысы бойынша тараптар мүдделі салалық мемлекеттік органдармен сертификаттарды, сынақ хаттамаларын мойындау, ҚХР нормативті құжаттарына қол жетімділік пен қажет болса сынақ базасын құру жөнінде жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады», - делінген ведомство хабарында
Кездесу соңында стандарттау, метрология және сәйкестік бағасы саласында өзара түсіністік және ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
фото: tengrinews.kz