26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан мен Ресей орта деңгейдегі зымырандарды бірлесіп, дайындауды қолға алмақ

23 мамыр 2017 Қаралым: 2 162 Технологиялар,  Әлемде
© РИА Новости / Сергей Мамонтов
Фото: © РИА Новости / Сергей Мамонтов

Алматы. 23 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан мен Ресей орта деңгейдегі зымырандарды бірлесіп, дайындауды қолға алмақ, деп хабарлайды ТАСС.

Рогозиннің хабарлауынша, ғарыш саласын дамыту мәселесіне арналған мәжіліс қорытындысы бойынша, арнайы жоспар мақұлданып, Байқоңырды одан әрі де Ресей мен Қазақстанның мүддесі үшін пайдалану жөніндегі бұл жоспар жақын күндерде Қазақстанда талқыланбақ.

«Бәйтерек» жобасының аясында Қазақстанның қаржылай қатысуымен ұшыру құрылғысын қайта жөндеуден өткізу жөнінде жоба дайындау қажет болып отыр. Біз қазір нарықтағы өз үлесімізді жоғалтып алмау үшін коммерциялық қызмет нарығында АҚШ-тың соңғы үлгідегі құралдарымен бәсекеге түсе алатын орта деңгейдегі зымыранды дайындауды жеделдетіп қолға алуды жоспарлап отырмыз»,-деп түсіндірді ол.

РФ үкіметі төрағасы орынбасарының сөзінше, ол 17 тонна салмақ көтеретін болады. Бұған қоса, «Байқоңырда» дайындалған «Зенит» зымыраны үшін ұшу құрылғысын пайдалану жоспарланып отыр.

Дереккөз: ТАСС

Тағы оқыңыз