26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан металлургиясында үкімет жыл қорытындысы бойынша екі пайыздық өсім күтіп отыр

14 маусым 2016 Қаралым: 1 317
Қазақстан металлургиясында үкімет жыл қорытындысы бойынша екі пайыздық өсім күтіп отыр
Алматы. 15 маусым. Ақпараттар орталығы. Республикада 2016 жылдың қорытындысы бойынша металлургияда 2%-дық өсім күтілуде, деп хабарлады инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша біз металлургиядағы өнеркәсіпте кем дегенде 2%, металлургиялық кен өндіру бойынша 5% өсімді күтудеміз», - деп мәлімдеді «Astana Mining & Metallurgy - АММ 2016» VII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі барысында Ә. Исекешев.

Ағымдағы жылдың 5 айында металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8%-ға өсті. Атап айтқанда, қара металлургияда өсім 0,6%-ды құрады. Ал металл кендерін өндіру көлемі 1% өсті.

«Өсім Бозшакөл ТБК-нің жобалық қуаттылығына біртіндеп шығуымен және басқа да кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен қамтамасыз етілді. Биылғы жылдың көктемінде Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінен ҚХР мен РФ-на жеткізулерді жаңарту ұстамды оптимизмге негіз бола алады», - деп атап өтті министр.

2015 жылы металлургиялық өнеркәсіп өндірісі көлемі 14%-дан жоғары болды. Министр атап өткендей, өсім көрсеткіштері индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында 60-тан астам астам жобаның жүзеге асырылуымен, ұлттық валютаның еркін бағамға өтуімен байланысты, бұл біздің металлургиялық кешеннің бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

«Әсіресе түсті металлургиядағы өндірістің нақты көлемдерінің айтарлықтай артуы байқалуда. Қара металлургияда өндірістің ағымдағы деңгейін - 101% астам сақтау мүмкін болып отыр. «Арселор Миттал Теміртау» өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары апаттылығының кесіріінен плюспен шыға алмады, жағдай ферроқорытпалар өндірісінің өсімінің арқасында түзетілді», - деп түсіндірді ведомство басшысы

фото: kapital.kz