Қазақстан президенті жаңа "Ел қорғаны" медалін бекітті
Алматы. 28 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев І және ІІ дәрежелі жаңа «Ел қорғаны» («Защитник Отечества») медальдарын бекітті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
"Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: (...) «Медальдар:» деген бөлімде: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) І, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» («Защитник Отечества»)», - делінген Ақорда сайтындағы хабарда.
Құжатқа сәйкес, І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін,
әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.
ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілері
марапатталады.
Дереккөз: Официальный сайт президента РК
