Қазақстан соңғы тоғыз жылда Сингапурдың экономикасына 900 млн. доллар инвестиция салған
Бұл туралы қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ерлан Хаиров айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«Қазақстан Сингапурға 900 миллион доллар инвестициялады. 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі Сингапур Республикасынан ҚР-на тікелей инвестициялар ағыны 60,25 млн доллардан асты», — деді Е. Хаиров.
Қазақстан Сингапурмен ынтымақтастықты, бірлескен қимылдарды жалғастыруда, нақтырақ айтқанда, менджмент консультациялары бойынша байланыстарды жетілдіріп, экономиканың жаңа үлгісін дамытуда.
«Қазақстандық компаниялар JURONG International-мен бірге экономикалық аймақтарды басқарудың жаңа үлгісі бойынша ұсыныстар әзірледі», — деді Е. Хаиров.