Қазақстанда 1 ш.м. жаңа баспана құны маусымда өзгерген жоқ
Алматы. 10 шілде. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда 2017 жылдың маусым айында алдыңғы аймен және 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1 шаршы метр жаңа баспана құны өзгерген жоқ, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарда.
Статкомитетінің мәліметтерінше, тұрмысқа жайлы қайта сатылып жатқан үйлердегі 1 шаршы метр баспана құны мамырда Т188 110 тұрды, ол ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткіштен 0,1% жоғары және 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,3% төмен, тұрмысқа жайсыз баспана – Т114 864 (сәйкесінше, -0,1% және -0,4%) болды.
Тұрмысқа жайлы баспананың 1 шаршы метрінің жалға берілу бағасы Т1293 (+0,2% және +1%) болды.
Дереккөз: КазТАГ


