26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда 100 жуық мектеп апатты жағдайдайда тұр

31 наурыз 2015 Қаралым: 1 036

Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен «Тұрғындардың әл-ауқаты — Астана бренді» атты кеңесте ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының сайты.

Б.Сапарбаевтың мәліметінше, Астанада келесі жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен 1150 орындық екі мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда елімізде 99 апатты жағдайдағы және 136 үш ауысымды мектеп бар, орын тапшылығы 15 419 құрайды, Астана қаласы бойынша 1 апатты жағдайдағы мектеп және 2 үш ауысымды мектеп бар.

«2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығында мектепке дейінгі даярлықты қосқанда 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, нәтижесінде ол оқытудың жалпы ұзақтығын және қаржылай шығындарды арттырмайды», — деді Б. Сапарбаев.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы бастауыш сыныпқа 30 мектеп базасында жаңа стандарт енгізіледі. Республиканың екі аймағында және 10-11 мектепте жан басына қаржыландыру апробациясы жүргізіліп, жалғасады.