26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда туберкулезден өлу көрспеткіші төмендеген

13 сәуір 2015 Қаралым: 1 062

2015 жылғы 1 тоқсанда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 6,1% азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 61,6 құраса, өлім-жітім 10% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,6 болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Министрліктің мәліметінге, 2014 жылы осы дертпен сырқаттанушылық 2013 жылмен салыстырғанда 9,5%, өлім-жітім көрсеткіші 16% төмендеген. Жалпы соңғы 10 жылда елімізде туберкулезбен ауыратындар 55%, өлім-жітім 77% азайған.

Туберкулездің дәріге төзімді түрлерін уақытында анықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде BACTEC MGIT-960, Hain-test және G-Xpert сияқты ауруды тез анықтайтын әдістер енгізілген. Науқастарды бактериологиялық зерттеу алгоритмі әзірленіп, бекітілген.

Туберкулезге шалдыққаны алғаш анықталған науқастарды емдеудің тиімділігі 86,4% жеткен. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарты 85% құрайды.

«Республикада соңғы жылдары туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау көлемі артқан. 2014 жылы бұл мақсатқа 553 млн. теңге бөлінді», деп хабарлайды министрлік.