26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда 2015 жылы су көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмды

4 мамыр 2016 Қаралым: 1 996
Қазақстанда 2015 жылы су көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмды

Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда 2015 жылы су көлігіндегі көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) баспасөз қызметі.

 

Су көлігі саласындағы өзекті мәселелер Қызылордада жыл сайын навигацияға дейін өтетін республикалық семинар-кеңес барысында талқыланды.

 

Хабарланғандай, қазіргі уақытта ҚР ИДМ Көлік комитетінің аумақтық органдары флоттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кемелердің пайдалануына бақылауды, су жолдарының жай-күйін қадағалауды, шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды, сонымен қатар кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттауды жүзеге асырады.

 

Сонымен, 2015 жылғы навигация кезеңінде Көлік комитетінің инспекторлары 5,7 мыңнан астам кемені қарады, олардың барысында 700 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 3 млн 978 мың теңге сомасында айыппұл салынды.  
 

Осы ретте, 2014 жылмен салыстырғанда су көлігіндегі көлік оқиғалар саны 
14-тен 8-ге азайды. Апат кезіңде қайтыс болған адамдар саны да 5-тен 4 адамға азайды.