29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда балалар үйлері жанында бақылау кеңестері құрылады

17 қаңтар 2017 Қаралым: 2 533 Қоғам,  Білім беру
luxfon.com
Фото: luxfon.com

Астана. 17 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда балалар үйлері жанында тұңғыш рет бақылау кеңестері құрылады, олар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайда болады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) баспасөз қызметінен.

Бақылау кеңестері балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық қорғау органы) өкілдерінен құралмақ.

«Осылайша, қоғам балалар үйлерінің тыныс-тіршіліне етене қатысып, жағдайды бақылап, балалар құқықтарын бұзу әрекеттерінің алдын алады», - деп хабарлады ведомстводан.

Бақылау кеңестеріне бірқатар өкілеттілік жолданады. Мысал үшін, кеңестерге балалар үйлерінің қызметі жайлы есептерді тыңдауға, балалар үйлерінің басшылығының іс-әрекеттерін қадағалауға, балалардың жағдайын дербес бағалап, олармен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі.

ҚР БҒМ-нің ойынша бақылау кеңестерінің құрылуы балалар үйлерінің қызметін жақсартып, қоғам үшін жариялы етері сөзсіз.

Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).

Тағы оқыңыз