26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда дәрілерді рецепті бойынша беру рәсімі  жеңілдетіледі 

24 маусым 2016 Қаралым: 1 421
Қазақстанда дәрілерді рецепті бойынша беру рәсімі  жеңілдетіледі 
Алматы. 24 маусым. Ақпараттар орталығы, Қазақстанда дәрілерді рецепті бойынша беру рәсімін жеңілдетеді, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова есептік кездесуде. 

«Рецепті бойынша науқас медициналық медбикеге барады. Сосын ол оны учаскелік дәрігерге жібереді, учаскелік дәрігер бөлім меңгерушісіне жібереді. Науқас рецептіні аламын дегенше үш кезеңнен, үш кезектен өтеді. Тек осылардан өткесін ғана ол дәріханаға барады», - деді министр.

Ол енді бұрынғыша кабинет жағалаудың енді болмайтынын атап өтті. 

«Қазір біз рецептілер бойынша автоматтандырылған жүйені аяқтадық. Ол аяқталды, және біз шілде айында Астана қаласы бойынша рецептілер беру бойынша «пилоттық жобаны» және сол рецептілердің дәріханаларға автоматты түрде түсуін қарастырамыз. Дәріханаға адам келеді де дәрілерін алып кетеді», - деді Т. Дүйсенова.