Қазақстанда жауын-шашынсыз, аздаған бұлтты ауа райы күтілуде
Алматы. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы. Алдағы күндері борандар қысқа мерзімге тоқтайды, делінген «Қазгидромет» РМК –ның 23-25 ақпанға болжамында.
"Қазақстанның солтүстік облыстарында қар және күшті жел туындатқан атмосфералық фронттар, Батыс Сібірге жылжып барады. Олардың тылында антициклон жайылады, солардың ықпалынан, республиканың көптеген обылыстарында, аз бұлтты қысқа мерзімді, жауын-шашынсыз ауа-райы орнығады", — деп түсіндірді синоптиктер.
Ізімен, кезекті фронталдық жүйе жақын тәуліктерде Қазақстанның батысында жауын-шашын жаудыртып, тұман бастырып, көктайғақ болдырады, ал 25 ақпанда атмосфералық фронтар солтүстік облыстарға жетеді. Осы ретте, ауа температурасы климаттық нормадан 5-13ºС жоғары болып сақталады.
Республиканың оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен фронтар жылжитын болады, сондай-ақ 25 ақпан күні мұнда жауын-шашын, тұман, сулы қар және көктайғақ болады деп күтілуде.
"Осындай ауа райы әсіресе таулар мен тау өткелдерінде өте қауіпті болып табылады", — деп ескертті ауа райы қызметінен.


