26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда жүргізуші куәліктерін автомектептерде оқымай алуға рұқсат берілді

8 июня 2016 Қаралым: 1 248
Қазақстанда жүргізуші куәліктерін автомектептерде оқымай алуға рұқсат берілді

Алматы. 8 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен. 

Бүгіннен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» және «В1» кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне таратылады.
 

Азаматтар үшін жүргізуші куәліктерін алу процедураларын жеңілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.
 

«Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаңыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріңізге баруыңыз керек еді, енді сіз өзіңізге ыңғайлы қаланың мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.
 

Мемлекеттік корпорацияда еске салып өткендей, жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріңізге саламыз. Қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың кабинеті жұмыс істейді.
 

Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.
 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдың басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.