26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда дронға қарсы тұратын қару құрастырылды

13 тамыз 2020 Қаралым: 1 604 Технологиялар
Қазақстанда дронға қарсы тұратын қару құрастырылды

Алматы. Тамыз 13. Ақпараттар орталығы - Елімізде дронға қарсы қару жасалды. Бұл құрылғыны радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әзірлеген. Мамандардың айтуынша, сапасы шетелдік нұсқаларынан едәуір артық, деп хабарлайды Хабар 24.

 Бұл қарумен Үшарал гарнизонына барған Қорғаныс министрі танысты. Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ермекбаев зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын, авиациялық ату құралдарын, казармалар мен кластарды тексерді. Бұдан бөлек министр «Армия халықаралық ойындары» аясында өтетін «Танк биатлоны» сайысына қатысатын жауынгерлермен кездесті. Биыл қазақстандық команда осы сайыста ғана бақ сынайды. Қазір дайындық қызу.  Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі: - Сіздердің дайындық деңгейлеріңіз Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сіздер ең мықты командалармен сынға түсулеріңіз керек. Осындай жағдайларда қазақстандық танк мамандары арнайы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында әрдайым жүлделі орындарға ие болады!

Дереккөз: Хабар 24

Тағы оқыңыз