26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда егіншілікті субсидиялау механизмі өзгертіледі

15 февраля 2016 Қаралым: 1 272

Алматы. 15 ақпан. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы ҚР аграрлық саласында «жасыл кәрзеңке» аясында қолдау шараларына өтуге байланысты «гектарына» субсидиялаудың қолданыстағы механизмі алынып тасталады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың сөзіне сілтеме жасаған премьер-министрдің сайтынан.

«АӨК саласын реформалау аясында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап егіншілікте «гектарына» субсидиялаудан бас тарту және 2017 жылдан бастап «жасыл кәрзеңке» аясында қолдау шараларына өтуге байланысты мал шаруашылығында «көлеміне» субсидиялауды қысқарту жоспарлануда», — деді Е.Досаев бүгін үкімет отырысында.
Ол БЖЗҚ қаржысы есебінен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өндіріс, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ет пен сүтті қайта өңдеу қаржыландырылатын болады. Қаражатты «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 15 жыл мерзімге қарызға алады. Сонымен, АӨК әлеуетті жобаларын қаржыландыру үшін, бірінші кезекте, «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» жүзеге асыру аясында ет пен сүт өндіру және қайта өңдеу бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы 100 млрд теңге бөлінетін болады.
Сондай-ақ, министрдің ақпарынша, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін БЖЗҚ қаржысына қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында атаулы мөлшерлемені 14%-дан 19%-ға дейін арттыру бөлігінде несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың қолданыстағы Ережесіне өзгерістер енгізілетін болады. Бұл БЖЗҚ қаржысы есебінен қор жасалатын ҚазАгро қарызы бойынша сыйақының ақырғы мөлшерлемесін субсидиялауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, АӨК саласының жобаларын қорландыруды мен қосымша қаржыны ұлғайту мақсатында Үкіметтің арнайы қорынан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 25 млрд теңге бағытталмақ