Қазақстанда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданды
Бұл жөнінде бүгін Астанада брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
«Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды және кестеге сәйкес жүргізіледі», — деді А.Мұхамедиұлы.
Министрдің айтуынша, мәселе білім беру саласына қатысты және аталған үдерісті жеделдетудің қажеті жоқ, себебі қажетті жағдай әлі жасалмаған.
«Қазір, әрине, ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Латын жазуын қазіргі қолданыстағы клавиатура аясында енгізу ұсынылды. Алайда, біздің ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз қосымша шешімдерді қажет етеді», — деді министр.