26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлімазайған

10 ақпан 2015 Қаралым: 991

Бұл жөнінде Астанада болған брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ДСӘДМ) бас онкологы Қуаныш Нұрғазиев хабарлады.

«Обырды ерте анықтау нәтижесінде елімізде қатерлік ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 94,0 құрады. Ал, 2013 жылы бұл көрсеткіш 100 мың адамға 99,49 болатын», — деді Қ.Нұрғазиев.

Оның айтуынша, тұрғындар арасында скринингтік зерттеулер жүргізу қатерлі ісік ауруларының алдын алу және ерте диагностикалауда барынша тиімді тәсілі болып табылады. Бүгінгі таңда отандық денсаулық сақтау ұйымдарында ауруы ерте анықталған науқасты дертінен айықтыруға қажетті озық технологиялардың барлығы бар.

ДСӘДМ мәліметі бойынша, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда онкологиялық ұйымдарда 150 436 науқас тіркеуде тұр.