26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандағы алтынның болжамды қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда

19 апреля 2016 Қаралым: 1 889
Қазақстандағы алтынның болжамды қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда

Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстандағы алтынның болжамды қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда, деп хабарлады ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев бүгін Астанадағы тау-кен өнеркәсібі форумында.

«Қазақстанның болжамды алтын ресурстары 9,5 мың тоннаға, оның ішінде алтын кен орындарында 7,7 мың тоннаға бағалануда», - деді Б.Нұрабаев.

Оған қоса, мыстың болжамды ресурстары 100 млн тоннаға, мырыш пен қорғасынның болжамды ресурстары сәйкесінше 135 млн тоннаға және 50 млн тоннаға бағаланып отыр, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Каспий маңы ойпатындағы көмірсутекті шикізат әлеуеті 63 млрд тонна шартты отынға бағалануда.

«Бұл болжанған ресурстан Қазақстанның жалпы жер қойнауындағы байлығы қазіргіден бірнеше есе артық екенін көрсетеді, және жер қойнауын одан әрі зерттеу қажет екенін растайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.