26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандағы президент сайлауында ШЫҰ бақылаушылар миссиясын Дмитрий Мезенцев басқарады

18 наурыз 2015 Қаралым: 976

Бейжіңде (ҚХР)қаласында Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ).

Отырыс барысында ШЫҰ мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері 2015 ж. 9-10 шілдеде Үфі қаласында жоспарланған кезекті мемлекет басшыларының саммитіне және биылғы басқа да іс-шараларын өткізу мәселелерін қарастырған. Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын әзірлеу және Ұйымды кеңейту туралы пікір алмасқан.

Тараптар 2015 жылғы 29 наурызда Өзбекстан Республикасындағы және 26 сәуірде Қазақстан Республикасындағы президент сайлауына қатысатын ШЫҰ Бақылаушылар миссиясын құру мәселелерін талқылаған. ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Қазақстандағы президент сайлауында осы миссияны басқаратын болады, деп хабарлайды СІМ.