26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандағы қолма-қол ақша көлемі 2017 жылғы І тоқсанда 5,9%-ға қысқарып, Т1,64 трлн болды

24 сәуір 2017 Қаралым: 2 182 Қаржы
Қазақстандағы қолма-қол ақша көлемі 2017 жылғы І тоқсанда 5,9%-ға қысқарып, Т1,64 трлн болды

Алматы. 24 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда 2017 жылдың наурызында қолданыстағы қолма-қол ақша көлемі 0,3%-ға артты, жыл басынан бері 5,9% азайып, Т1,645 трлн-ды құрады, деп хабарлады Ұлттық банк сайтына сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Қолма-қол ақшалар мен өтімді теңгелік депозиттер кіретін М1 ақшалай агрегаты наурызында 10,6% артып, жыл басынан бері 7,1% өсіп, Т4,927 трлн құрады.

Қолма-қол ақшалар мен барлық теңгелік және өтімді валюталық депозиттер кіретін М2 индикаторы 6,5% және сәйкесінше 1,1% артып, Т12,726 трлн құрады.

Елдегі ақша салмағы немесе экономикадағы бүкіл ақша 10,9% өсіп, жыл басынан бері 0,7% түсіп, Т5,198 трлн жетті.

Екінші деңгейлі банкілер мен басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банк шоттарындағы депозиттері сәйкесінше, 17,7% өсіп және сәйкесінше, 4% өсіп, Т3,237 трлн болды.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз