Қазақстандық және ресейлик әртістер концерттерден түскен табысын он есе төмендеткен
Алматы. 21 сәуір. Ақпараттар орталығы. Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандық әнші Айқын, ресейлік әртістер Полина Гагарина мен Павел Воля және өзгеде шоу-бизнес өкілдерінен табыстарын әдейі төмендетуі мүмкін деп күдіктеніп отыр.
Хабарланғандай, жыл басынан бері Айқын, Ернар Айдар, әзіл-ысқақ театрлары «Шаншар», «АлдарАспан» концерттерін ұйымдастырушылар мен ресейлік әртістер Полина Гагарина, Павел Воля мен Вячеслав Бутусовқа қатысты хронометражды тексерістер жүргізілді.
«Тексеріс нәтижесі бойынша нақты табыс көлемі бірнеше есе төмендетілгені анықталды. Тіпті, кейбіреулер табыс көлемін он есе кемітіп көрсетсе, кейбіреулері салық есебінде көрсетілмеген», - делінген МКД хабарламасында.
Аталып өткендей, шетелдік әрістердің Қазақстандағы табысына, төлемақы жүргізушіге табыс салығы салынады.