Қазақстандық кәсіпорындар өз жұмысшыларына 1,6 млрд тенге қарыз
Алматы. 28 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкімет отырысы кезінде барлық облыс әкімдеріне жалақылардың төленуі бойынша баяндамалар дайындауды тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
«Жұмыс орындарында еңбекақы төлеу мәселесі ағымдағы мәселеден өзекті мәселеге айналып кетуі мүмкін. Үкіметтің келесі отырысында жалақылардың төленуі мәселесі бойынша аймақтар әкімдерінің баяндамаларын тыңдасам деймін. Осы аптада кәсіпорындармен белсене жұмыс жасап, қай жерде не, қалай болып жатқанын, қандай шаралар қабылдау керектігін анықтау керек», - деді К. Мәсімов.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова аймақтық дағдарысқа қарсы штабтар мәліметтері бойынша бүгінгі таңда жалақы бойынша жалпы қарыз көлемі 1,6 миллиарда теңгені құрайтынын мәлімдеді.
«Оның ішінде ағымдағы қарыз, бұл 3 айға дейінгі қарыз көлемі - 514 миллион теңге, 3 айдан асқан мерзімі өткен қарыз борышы - 134 миллион теңгеге жуық және ең көбі банкрот болған кәсіпорындардағы қарыз көлемі - 955 миллион теңге», - деді министр