29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық шаңғышылар Универсиадада «күміс» жеңіп алды

6 ақпан 2017 Қаралым: 2 176 Спорт
almaty2017.com
Фото: almaty2017.com

Алматы. 6 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық шаңғышылар Анна Шевченко, Ольга Мандрыка және Ирина Быкова 3х5 км эстафета қорытындысы бойынша екінші орын алды, деп хабарлады Универсиаданың ресми сайтынан.   

Алтын медаль Ресейлік командаға бұйырды (42:25.1), "қоланы" француздықтар иемденсе (44:11.2). қазақстандықтар эстафетаға екінші болып келді  43:17.2.

"Менің кезеңім даулы болды. маған онша сенім артылмады. Өзімнің жеке жарыстарымда жақсы көрсеткіш көрсете алмадым. Ал мына кезеңде мен тырыстым. Барымша жүгірдім. Мүмкін мен онша көрсеткіш көрсете алмаған болармын. Бірақ әркім өзінің көргісі келгенін ғана көреді. Не болса да мен жақсы көрсеткішке қол жеткізуге тырыстым ", — деді эстафетаны уақытылы аяқтаған Ирина Быкова.  

Тағы оқыңыз