26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтарды наурызда қандай ауа райы күтіп тұр?

1 наурыз 2017 Қаралым: 2 102 Ауа райы
Қазақстандықтарды наурызда қандай ауа райы күтіп тұр?

Астана. 1 наурыз. Ақпараттар орталығы. «Қазгидромет» РМК наурыздың екінші және үшінші онкүндігінің екінші жартысында күн жылы болады деп болжап отыр.

«Айлық орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтілуде, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының таулы, тау бөктерлері аймағында – нормаға жақын болады», - делінген синоптиктердің хабарында.

Бұл ретте Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жауын-шашын норма шамасында, республиканың қалған аумағында – нормадан артық болады деп күтілуде.

Болжамға сәйкес, ай айтарлықтай суытумен басталады. Ауа температурасының фоны: батыста түнде 0-5, күндіз 0+8; солтүстігі мен орталығында түнде -7-15, елдің шығысында түнде -20, күндіз 0-5 градус; елдің оңтүстігінде түнде -3-13, күндіз -2+3 градусқа дейін суытып, жауын-шашын жауады.

Одан кейін батыстан шығысқа циклон өтуімен ауа райы құбылмалы болады: солтүстік өңірлерде қар жауады, республиканың қалған аумағында қар аралас жауын жауып, бастан соққан жел күшейеді, көктайғақтанып, тұман түседі. 9-10 наурызда ауа райы тұрақтайды, бірақ елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында ауа температурасының түнде -10-20 градусқа дейін, батысы, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3-13 градусқа дейін суытуымен жалғасады.

Ұзақ мерзімдік болжамға сай осы айдың екінші және үшінші онкүндігінің бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде +5+13, оңтүстік жартысында +13+23 градусқа дейін көтеріледі.

Наурыздың екінші және үшінші онкүндігінің екінші жартысында жауын-шашындатып, суық күндер басымдау болады.

Тағы оқыңыз