26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтарға «Долананы» қолданудың қауіпті екенін ескертуде

21 желтоқсан 2016 Қаралым: 2 890 Медицина,  Оқиға
ria.ru
Фото: ria.ru

Алматы. 21 желтоқсан. Ақпараттар орталығы.  ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазақстандықтарды «Долана» («Боярышник») сұйықтығын қолданудың қауіптілігі жайында ескертуде.   

Комитетте еске салғандай, Ресей Федерациясы Иркутск облысы тұрғындарының жаппай улануының тіркелу фактілері туралы хабарлайды. Жаппай улану ағымдағы жылғы 17-18 желтоқсанда құрамында метил спирті (метанол) бар «Долана»  сұйықтығын тұтынудан кейін орын алған.
Иркутск облысында жоғарыда көрсетілген құрамында спирті бар  сұйықтықты тұтынудан кейін қайтыс болғандар саны  61 адамға өскен.
"Комитет Ресейде қалыптасқан жағдайға алаңдауда және Қазақстан Республикасының тұрғындарын әртүрлі алкоголь өнімдері мен жоғарыда көрсетілген «Долана» сұйықтығын сатып алу кезінде мұқият және абай болуға шақырады", — делінген хабарда. 

"Құрметті кәсіпкерлер! Аталған сұйықтық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді және сатылымға жіберілмеуі тиіс.  Белгіленбеген сауда орындарынан сатып алынған және растайтын құжаттары жоқ алкоголь сусындары қолдан жасалған болуы және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін", — делінген комитет хабарында. 

 

Тағы оқыңыз